HLTV Awards 2025 марапаттау рәсімі өтетін қала анықталды

HLTV Awards 2025 марапаттау рәсімі өтетін қала анықталды

HLTV Awards 2025 марапатының ұйымдастырушылары салтанатты рәсімнің 2026 жылғы 10 қаңтарда Белград қаласындағы ең ірі конференц-залдардың бірі — 4 мың адамға дейін сыятын Sava Centar-де өтетінін хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Іс-шара барысында әр позициядағы үздік ойыншылар, жылдың үздік командасы, үздік киберспортшы қыз және HLTV.org нұсқасы бойынша жылдың киберспортшысы анықталады.

HLTV Awards 2024 марапаты да Белградта өткен болатын. Ол кезде жылдың үздік ойыншысы атағын Данил «donk» Крышковец жеңіп алды. Екінші орынға Илья «m0NESY» Осипов, ал үшінші орынға Матье «ZywOo» Эрбо тұрақтаған еді.

2026 жылғы салтанатты кеш те CS2 ойынының ең мықты киберспортшылары, бапкерлері мен талдаушыларын қайта жинайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или