Алуа Балқыбекова бокстан Әлем кубогының жартылай финалына шықты

Алуа Балқыбекова бокстан Әлем кубогының жартылай финалына шықты

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Алуа Балқыбекова бокстан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жерлесіміз 51 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Жапония боксшысы Юна Нишинакамен қолғап түйістірді. Нәтижесінде Алуа Балқыбекова айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, отандасымыз кем дегенде Әлем кубогының қола медалін өзіне қамтамасыз етті.

Сурет: ҚБФ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или