Ресейлік «Т-34» пен өзбекстандық «Дракон». OCTAGON 75 Ташкенттегі мега-ивент жанкүйерлерге не дайындап отыр?

Жексенбі, 6 шілде күні Орталық Азиядағы жетекші промоушен саналатын Евразиялық жекпе-жек лигасы Өзбекстан астанасы Ташкентте кезекті OCTAGON 75 турнирін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бастапқыда бұл кештің басты жекпе-жегі жартылай орта салмақтағы чемпиондық титул үшін өтетін көптен күткен кездесу — қазақстандық Георгий Кичигин (32-10) мен өзбек нокаутері Шохасан Мирзаматов (15-4) арасындағы айқас болуы керек еді. Алайда жекпе-жекке бірнеше апта қалғанда «хайлайт-машина» кезекті рет жарақатына байланысты «Рыцарьға» қарсы кездесуден бас тартуға мәжбүр болды. Бұл жаңалық ММА жанкүйерлері үшін үлкен соққы болды.
Соған қарамастан, Евразиялық лига басшылығы қысқа мерзім ішінде мейн-ивентке лайық қарсыластарды таба білді. Енді басты жекпе-жекте ТМД аумағында танымал ресейлік ММА және поп-ММА өкілі Даниял Эльбаев (12-6) пен жергілікті файтер Азамат Нуфтиллаев (16-1-1) күш сынасады. Бұл тартысты кездесуді ерекше ететін тағы бір фактор — ауыр салмақтағы уақытша чемпиондық белбеу сарапқа салынады.
«Т-34-тің» қазақстандық чемпион Карим Рузбакиевке (10-3) қарсы кездесуі жанкүйерлердің есінде ұзақ сақталған болатын.
6 шілде күні Ташкентте өтетін бұл турнир де жанкүйерлер үшін жарқын, есте қаларлықтай айқасқа айналуы әбден мүмкін. Баспасөз мәслихаты мен Алматыдағы көз арбасу сәтінде қарсыластар бір-біріне психологиялық қысым көрсетіп, әлеуметтік желілерде де өзара өткір сөздермен алмасты.
Сондай-ақ турнирде жергілікті жанкүйерлердің сүйіктісі, шоумен әрі файтер Огабек «Сатурн» Абдумуминов өнер көрсетеді. Оның қарсыласы — қырғызстандық Бекзат Абдипаттаев.
Жеңіл салмақта өзбекстандық Мавлонбек Миркомилов (7-2-1) түркиялық Камал Гусейновпен (5-1), ал жартылай орта салмақта чемпион Кичигинге біршама қиындық тудырған өзбек файтері Саидитахон Нуриддинов (6-1) Қырғызстан өкілі Алтынбек Ашимбековпен (4-1) кездеседі.
Турнир Астана және Ташкент уақытымен 17:00-де басталады. Тікелей трансляцияны Еуразиялық жекпе-жек лигасының ресми YouTube арнасы — OCTAGON TV жүргізеді.
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 75 турнирінің бас серіктесі — UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON 75 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON 75 турнирінің ресми серіктесі — Chevrolet компаниясы