Геннадий Головкин ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатының ашылуына қатысты

Геннадий Головкин ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатының ашылуына қатысты

4 шілдеде елордада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды. Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатына сары құрлықтың 27 елінен 450-ден астам спортшы келген. Турнир 10 шілдеге дейін Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді. Құрлықтық біріншілікте 17 жасқа дейінгі (U17) және 20 жасқа дейінгі (U20) жас санаттары бойынша медальдар сарапқа салынады.

"Чемпионатқа қатысушылар өздерінің шеберлігін, жігерін және қарсыластарына, сондай-ақ жарыс ережелеріне деген құрметін көрсетеді деген сенімдемін.

Бұл дода нағыз спорт рухының көрінісіне айналсын. Баршаңызға жоғары нәтижелер мен жеңіс тілеймін”, - деді Геннадий Головкин.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 4-10 шілде аралығында өтеді. Қазақстан халықаралық ауыр атлетика турнирін 2014 жылдан бері алғаш рет өткізуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или