Зайнутдиновтің «Бешікташтағы» болашағы белгілі болды

Зайнутдиновтің «Бешікташтағы» болашағы белгілі болды

Түркиялық «Бешікташ» жаңа маусым алдында Австриядағы оқу-жаттығу жиынына қатысатын футболшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тізімге 35 ойыншы кірді, олардың қатарында Қазақстан құрамасының көшбасшысы Бақтиер Зайнутдинов те енді.

Еске салайық, бұған дейін түркиялық БАҚ-та «Бешікташ» келесі маусымда қазақстандық футболшыға сенім артпайтынын және оны басқа командаға сатқысы келетінін хабарлаған болатын. Сондай-ақ Бақтиерге РПЛ клубтары қызығушылық танытып жатқаны туралы ақпарат тараған еді.

Айта кетейік, өткен маусымда Зайнутдинов ыстамбұлдық клуб сапында 12 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или