Сандуғаш Кенжебаева Қытайдағы турнирдің финалында ойнайды

Қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Мааньшань (Қытай) ITF W15 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші ресейлік Софья Лансеремен бірге жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген.
Олар жартылай финалда доданың 1-ракеткалары, қытайлық Юцзя Хуан — тайбэйлік Ю-Юн Ли Х-мен кортқа шықты.
Бірінші партияда тай-брейкте Кенжебаева — Лансере сәтті ойнады — 7:6 (10:8).
Екіншісінде қытайлық-тайбэйлік жұп есе қайырды — 6:4. Дегенмен супер тай-брейкте қазақстандық-ресейлік дуэт жеңісті жұлып алды — 10:6.
Тартысты өткен матч 2 сағат 9 минутқа созылды.
Сандуғаш Кенжебаева — Софья Лансере соңғы бәсекеде жарыстың 2-ракеткалары, таилық Пеангтарн Плипуек — қытайлық Цзяци Ванмен бас жүлдені сарапқа салады.