Кирилл Герасименко United States Smash турнирін жеңіспен бастады

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында үстел теннисінен United States Smash атты ірі халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық Кирилл Герасименко жарысты Бельгия өкілі Мартин Аллегроға қарсы матчтан бастады.
Кездесу 3:1 есебімен Герасименконың пайдасына аяқталды.
Екінші айналымда қазақстандық спортшы Хо Кван Кит (Гонконг) пен Маркос Мадрид (Мексика) арасындағы кездесудің жеңімпазымен өзара мықтыны анықтайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или