Дастан Сәтпаевтың сүйікті клубы қандай? Спойлер - бұл «Челси» емес

Алматылық «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаев Еуропадағы сүйікті клубын атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
16 жастағы футболшы алматылық команданың баспасөз қызметіне берген сұхбатында сүйікті клубы ретінде Испанияның «Барселонасын» таңдады.
Еске салайық, биыл Лондонның «Челси» клубы Дастан Сәтпаевты 4 миллион еуроға сатып алған болатын. Қазақстандық футболшы 18 жасқа толған соң ғана ағылшын клубына қосылады. Сол уақытқа дейін ол «Қайрат» сапында ойнай береді.
Қазіргі таңда Сәтпаев — Қазақстан Премьер-лигасының үздік сұрмергені. Ол 14 турда 8 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.
«Шахтер» командасы «Қайраттан» жартылай қорғаушы сатып алды
Дастан Сәтпаев – Қазақстан премьер лигасындағы ең қымбат ойыншы
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или