ҚПЛ бұрынғы ойыншысы «Қайраттың» Словения чемпионына қарсы мүмкіндігін бағалады

ҚПЛ бұрынғы ойыншысы «Қайраттың» Словения чемпионына қарсы мүмкіндігін бағалады

Қазақстан Премьер-лигасы клубтарының бұрынғы ойыншысы және словенияның «Олимпияда» да өнер көрсеткен Якуб Новак Чемпиондар лигасы іріктеу бірінші кезеңіндегі «Қайрат» пен «Олимпия» арасындағы матч туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.

– «Олимпия» мен «Марибор» секілді клубтар қазақстандық командалармен салыстырғанда допты бақылауға көбірек мән береді. Сонымен қатар, олардың еурокубоктарда ойнау тәжірибесі мол, бұл белгілі бір деңгейде артықшылық беруі мүмкін, – деді Новак.

Оның айтуынша, алдағы матч өте шиеленісті болайын деп тұр:

– «Олимпия» алғашқы минуттардан бастап допты бақылауға алып, өз қарқынын күштеп жүргізуге тырысады. Бірақ егер «Қайрат» сауатты қорғанса — ойын олардың пайдасына өрбуі әбден мүмкін.

Айта кетейік, алғашқы матч 8 шілдеде Люблянада өтеді, ал қарымта кездесу 15 шілдеде Алматыда болады. Жеңімпаз команда Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алады, ал жеңілген команда Конференциялар лигасында өнерін жалғастырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или