Елена Рыбакина биылғы Уимблдондағы мақсатын айтты

Елена Рыбакина биылғы Уимблдондағы мақсатын айтты

Уимблдон-2022 турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина биылғы жарыста тағы да чемпион атануға ниетті екенін мәлімдеді. Қазақстандық теннисші Лондон корттарына ерекше сезіммен оралатынын және жанкүйерлердің қолдауын анық сезінетінін айтты, деп жазады Prosports.kz тілшісі.

— Уимблдонға оралу мен үшін әрдайым ерекше. Бұл жерде жарқын естелігім көп. Әрине, тағы да жетістікке жеткім келеді. Бар күшімді салып жатырмын. Келесі кезеңге өткеніме өте қуаныштымын. Қолдау білдіргендердің бәріне алғысым шексіз, — деді Рыбакина корттағы сұхбатында.

Екінші айналымда қазақстандық спортшы Мария Саккариді сенімді түрде жеңді (6:3, 6:1), ал үшінші кезеңде 23-сатыдағы даниялық теннисші Клара Таусонмен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или