«Алматы» клубының шабуылшысы Франция чемпионатына кетті

«Алматы» клубының шабуылшысы Франция чемпионатына кетті

35 жастағы ресейлік шабуылшы Владислав Туник «Алматы» хоккей клубынан кетіп, мансабын Францияда жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Форвард ел чемпионатында өнер көрсететін «Мон-Бланға» ауысады.

Қазақстан тұрақты чемпионатының өткен маусымында Туник 40 кездесу өткізіп, 36 ұпай жинады - 20 гол және 16 нәтижелі пас.

Плей-офф кезеңінде жеті ойында тағы екі гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или