Бокс. Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде жазба қалдырды

IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы атанған жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде жаңа жазба қалдырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен сіздерге орта салмақтың патшасы екенімді айттым ғой! - деп жазды Әлімханұлы өзінің әлеуметтік парақшасында.
Бұған дейін «Қазақ стилі» WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын алған доминикандық Карлос Адамеспен біріктіру жекпе-жегіне келісім-шартқа отырғанын хабарлаған болатын. Сонымен қатар, Әлімханұлы өзінің әлеуетті қарсыласын қорқақ деп айыптады өйткені ол әлі келісімге қол қоймаған. Адамес әзірге жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или