Григорий Ломакин Тунистегі жарысты аяқтады

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин (АТР рейтингінде 842-орын) Монастирде (Тунис) ITF турнирінің 1/8 финалында жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ломакин мысырлық Амр Варда Эль-Саедпен (765-орын) кездесіп, екі сетте ұтылды - 3:6, 4:6. Матч 1 сағат 27 минутқа созылды.
Еске салайық, өткен аптада Григорий Ломакин Монастирде өткен турнирде жұптық сайыста финалға дейін жеткенімен, шешуші кездесуде жеңіліп қалған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или