«Крылья Советов» Чесноковқа көз тікті

Самаралық «Крылья Советов» қостанайлық «Тобылдың» көшбасшысы Ислам Чесноковпен келісімшартқа отыруға шындап кірісіп кетті, деп хабарлайды Prosports.kz BorodAbata.kz сайтына сілтеме жасап.
РПЛ клубының бас бапкері Магомед Адиев қазақстандық футболшының қабілетін жоғары бағалайды.
Бұл ретте «Крылья Советов» Чесноковтың трансферін төлеуге дайын, бірақ «Тобыл» өзінің жетекші ойыншысымен кем дегенде 500-600 мың еуроға қоштасуға дайын. Беделді неміс порталы Transfermarkt футболшыны 900 мың еуроға бағалап отыр.
Биылғы маусымда Ислам Чесноков 13 матч өткізіп, алты гол соғып, екі нәтижелі пас берді.
Тағы бір айта кететін жайт, британдық БАҚ-тың хабарлауынша, Өскемен тумасы «Хартс» командасымен алдын ала келісім-шартқа отырған және 2026 жылдың басында командаға қосылады деп күтілуде.