«Семей» екі ойыншысын қатардан шығарды

«Семей» екі ойыншысын қатардан шығарды

«Семей» екі ойыншысының жалға алу мерзімінің аяқталуына байланысты клубтан кететінін хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Командадан ресейлік Никита Емельянов пен марокколық Ясин Салхи кетті.

"Никита біздің клубқа 25 ақпанда қосылды. Ол «Семей» сапында 27 матч өткізіп, 5 гол соқты. Сондай-ақ Қазақстан Кубогының иегері және Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері. Салхи біздің клуб сапында 21 ойын өткізіп, 4 гол соқты. Сондай-ақ Қазақстан кубогының және Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды", - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Еске салайық, 2024/25 маусымында «Семей» Қазақстан чемпионатының плей-офф финалында алматылық «Қайратқа» есе жіберген болатын (серияда 1-3).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или