Диогу Жота қаза болған апаттың мән-жайы белгілі болды

Диогу Жота қаза болған апаттың мән-жайы белгілі болды

«Ливерпуль» футболшысы Диогу Жота қаза тапқан жол апатының себебі белгілі болды. Қайғылы оқиға дөңгелек жарылуынан болғаны расталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Испания полициясы «Ливерпуль» және Португалия құрамасының шабуылшысы Диогу Жота мен оның інісі Андре Силваның өмірін қиған жол-көлік оқиғасының себебін анықтады.

Қайғылы жағдай бейсенбі күні таңертең A-52 тасжолында, Вальядолид қаласынан шамамен 110 шақырым жерде болған. Daily Star басылымы полиция мәліметіне сүйене отырып хабарлағандай, Lamborghini көлігімен келе жатқан ағайындылар басқа автомобильді озған сәтте дөңгелек жарылып, көлік жолдан шығып, өртеніп кеткен.

Жота мен оның інісін жедел жеткен құтқарушылар аман алып қала алмады. Белгілі болғандай, Диогу Жота осыдан бірнеше апта бұрын ғана үйленген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или