Рыбакина Уимблдонның үшінші айналымына шыққаннан кейін пікір білдірді

Рыбакина Уимблдонның үшінші айналымына шыққаннан кейін пікір білдірді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон-2025 турнирінің үшінші айналымына шыққаннан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

1 сағат 3 минутқа созылған екінші айналым матчында Рыбакина грекиялық теннисші Мария Саккариді 6:3, 6:1 есебімен жеңген еді.

— Уимблдон сен үшін Үлкен дулыға турнирлерінің ішіндегі ең сәтті өткен жарыс. Сен бұл жерде жеңіске жеткенсің. Былтыр жартылай финалға дейін бардың. Үлкен корттарға оралу сені жаңа деңгейге көтеретіндей әсер қалдырады.

— Әрине. Мұнда оралудың маңызы зор. Керемет естеліктер өте көп. Биыл да сәтті өнер көрсеткім келеді. Бар күшімді салып жатырмын. Келесі кезеңге өткеніме өте қуаныштымын. Баршаңызға рақмет.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или