Қазақстанның үздік теннисшісі Уимблдондағы өнерін аяқтады

Қазақстандық теннисші Александр Бублик 2025 жылғы Уимблдон турниріндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жұптық сынның бірінші айналымында Бублик италиялық Флавио Коболлимен жұптасып, ұлыбританиялық теннисшілер Билли Харрис пен Маркус Уиллиспен кездесіп, 6:7, 6:7 есебімен жеңілді.
Ойын 1 сағат 26 минутқа созылды.
Осылайша, Александр Бублик Уимблдон-2025 турниріндегі соңғы матчын өткізді.
Еске салайық, бұған дейін ол жекелей сынның бірінші айналымында испаниялық Хауме Муньярдан 4:6, 6:3, 6:4, 6:7, 2:6 есебімен жеңіліп қалған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или