Чемпиондар лигасы: «Қайрат» пен «Семейдің» қарсыластары анықталды

3 шілдеде футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің жеребесі тартылып, «Қайрат» пен «Семей» өз топтарындағы қарсыластарын білді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екі қазақстандық клуб та А жолымен өнер көрсетеді. Бұл жолда әр топтан үздік үш команда элиталық кезеңге жолдама алады.
Негізгі кезең ойындары 2025 жылы 28 қазан мен 2 қараша аралығында өтеді.
4-топ:
-
«Қайрат» (Қазақстан)
-
«Спортинг Лиссабон» (Португалия)
-
«Приштина» (Косово)
-
«Ново Вриеме» (Хорватия)*
* Барлық ойындар Хорватияда өтеді.
2-топ:
-
«Пальма» (Испания)
-
«Семей» (Қазақстан)
-
«Хрудим» (Чехия)*
-
«Этуаль» (Франция)
* Бұл топтың барлық матчтары Испанияда «Спортинг Андерлехт» клубының алаңында өтеді.
Еске салайық, «Қайрат» финалдық серияны 3:1 есебімен жеңіп, тарихында 22-рет Қазақстан чемпионы атанды.
🔹«ҚАЙРАТ ФУТЗАЛ» серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ
🔹 «ҚАЙРАТ ФУТЗАЛ» Бас серіктесі – «Самрұқ Қазына» ҰӘҚ» АҚ