Бокстан Әлем кубогы: Сабыржан Аққалықов жартылай финалға жолдама алды

Қазақстандық былғары қолғап шебері Сабыржан Аққалықов Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жерлесіміз 75 келіге дейінгі салмақтың 1/4 финалында канадалық Джошуа Офоримен өзара мықтыны анықтады.
Бірінші раундта Канада өкілі басымдық танытты. Алайда, жекпе-жектің екінші және үшінші бөлімінде Сабыржан Аққалықов керемет бокс үлгісін көрсетіп, жеңісті суырып алды.
Осылайша, отандасымыз финалға шығу үшін бақ сынайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или