Махмұд Сабырхан бокстан Әлем кубогының 1/4 финалында жеңіске жетті

Махмұд Сабырхан бокстан Әлем кубогының 1/4 финалында жеңіске жетті

Қазақстан ерлер құрамасының боксшысы Махмұд Сабырхан елордадағы Әлем кубогының ширек финалында техникалық нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақта Филиппин өкілі Джуд Аарон Бадомен қолғап түйістірді.

Махмұд жекпе-жек барысында қарсыласын төрт рет нокдаунға жіберді. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Осылайша, қазақстандық боксшы жартылай финалға өтіп, кем дегенде Әлем кубогының қола медалін өзіне қамтамасыз етті.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или