Бурдасов пен Антипин мансабын Астанада жалғастырады

Ресейлік хоккей агенті Шуми Бабаев «Барыс» клубындағы өз ойыншыларының болашағы туралы Prosports.kz-ке сұхбат берді.
— Шыны керек, жаңа басшылықтан маған ешкім хабарласқан жоқ. Не боларын өзім де білмеймін. Бірақ кейбір жігіттер, мәселен, Бурдасов пен Антипин – «Барыста» қалғысы келеді. Жалпы, осы клубта ойнауды жалғастырғысы келетіндер бар.
Бурдасов бойынша бұрынғы басшылықпен екі жылдық келісімшартқа алдын ала келісіп қойған едік. Бірақ жаңа басшылықпен жағдай қалай болары белгісіз. Әзірге ешқандай байланыс болған жоқ, сондықтан нақты ештеңе айта алмаймын, – деді агент.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или