Рыбакина мен Саккари Уимблдонның екінші айналымында жолығады

Қазақстандық Елена Рыбакина мен Грекия теннисшісі Мария Саккари Уимблдон турнирінің екінші кезеңінде кортқа шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Соңғы жылдары Саккари “Үлкен дулыға” турнирлерінің алғашқы айналымынан өте алмай жүргендіктен, жанкүйерлері әр жарыс басталғанда алаңдай қарайтыны жасырын емес.
Ал Рыбакина туралы айтсақ, Уимблдон атағы үшін басты үміткерлердің бірі екені жиі айтылады. Биылғы маусымда ол жақсы формада, бірнеше турнирде финалға дейін жетуге шақ қалды, бірақ әзірге шешуші жеңістер бұйырмай тұр.
Ойын Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады. Тікелей эфир сілтеме арқылы қолжетімді болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или