Данилина Уимблдон жарысын жеңіспен бастады

Данилина Уимблдон жарысын жеңіспен бастады


Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Уимблдон турниріндегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұптық сында Данилина чехиялық теннисші Мария Боузковамен бірге өнер көрсетіп, египеттік Мая Шериф пен польшалық Катаржина Питерден құралған дуэтті 6:3, 6:3 есебімен ұтты.

Ойын 1 сағат 13 минутқа созылды. Айта кетейік, бұл жұп бұған дейін бір-біріне қарсы ойнамаған.

Анна Данилина қазіргі таңда жұптық есепте Қазақстанның бірінші ракеткасы саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или