Қазақстан футзал құрамасы ЕУРО-2026 іріктеу кезеңінде Италиямен ойнайды

Қазақстан футзал құрамасы ЕУРО-2026 іріктеу кезеңінде Италиямен ойнайды

Швейцарияның Ньон қаласында 2026 жылы футзалдан Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі плей-офф ойындарының жеребесі тартылды.

Қазақстан құрамасы Италия құрамасымен кездеседі. Қос ойыннан тұратын кездесу 2025 жылдың қыркүйектің 15–24 аралығында өтеді.

Плей-офф кезеңіне негізгі раунд топтарында екінші орын алған үздік сегіз команда қатысады. Бұл кездесулердің жеңімпаздары ЕУРО-2026 турнирінің финалдық кезеңіне жолдама алады.

2026 жылғы футзалдан Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі 2026 жылдың 20 қаңтарынан 7 ақпанына дейін өтеді. Турнирді үш ел бірлесіп қабылдайды: Словения, Латвия және Литва.

Айта кету керек, УЕФА турнир форматын қайта қарап, Словения қабылдаушы елдердің қатарына қосылды. Себебі Латвия мен Литва Беларусь құрамасының қатысуымен өтетін матчтарды өз аумағында ұйымдастырудан бас тартқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или