Бұрынғы әлем чемпионы рингке қайта оралады

Бұрынғы әлем чемпионы рингке қайта оралады

Ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Тайсон Фьюри мансабын қайта жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Сыған королі қайтып келеді! Мен Тайсонмен сөйлестім, ол 2026 жылы Эр-Риядта жекпе-жек өткізуге уәде берді. Бізде асыға күтетін нәрсе бар», - деп жазды Сауд Арабиясының ойын-сауық басқармасының басшысы Турки Аль-Шейх X әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, 2025 жылдың қаңтарында Фьюри кәсіби мансабын аяқтайтынын хабарлаған болатын. Ол кейінгі жекпе-жегін 22 желтоқсанда өткізіп, украиналық Александр Усиктен ұтылып, қатарынан екінші рет жеңіліске ұшырады.

Тайсон Фьюри бұған дейін WBC, WBO, IBO, WBA Super, The Ring және IBF титулдарының иегері болды, 34 жеңіс, 2 жеңіліс және бір рет тең түскен. және оның рингке қайта шығуы бокс әлемінде үлкен қызығушылық тудырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или