«Ұлытау» черногориялық ойыншымен келісімшартқа отырды

«Ұлытау» черногориялық ойыншымен келісімшартқа отырды

Черногориялық қорғаушы Йован Пайович ресми жезқазғандық «Ұлытау» командасына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пайович жаңа клубта 2025 жылғы маусымның соңына дейін ойнайды.

Қазақстан Премьер-лигасының биылғы маусымында черногориялық «Тұран» сапында ойнап, 11 матч өткізіп, екі сары қағаз алды. Ол Қазақстанға 2024 жылы мальталық «Биркиркарыдан» қызылордалық «Кайсарға» ауысып келген болатын.

«Ұлытау» турнир кестесінде 12-орында тұр. Кеше командаға Иван Азовскийдің орнына жаңа бас бапкер Нұркен Мазбаев келді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или