Қазақстандық боксшы WBA рейтингінде үздік ондыққа енді

Қазақстандық боксшы WBA рейтингінде үздік ондыққа енді

WBA (Дүниежүзілік бокс қауымдастығы) жаңартылған рейтингінде Қазақстан тумасы Роман Фресс өз орнын жақсартып, бірінші ауыр салмақта 12-орыннан 10-орынға көтерілді.

Рейтингтегі ең үлкен жаңалық – америкалық блогер әрі боксшы Джейк Полдың ресми тізімге енуі болды. Ол Хулио Сезар Чавес-кішімен жекпе-жекте жеңіске жетіп, сол салмақта 14-орынға тұрақтады.

Ал армян текті, бірақ Франция туы астында өнер көрсететін Арсен Гуламирян керісінше, рейтингте төмендеп, 6-орынға сырғыды. Ресейлік боксшылар Алексей Егоров пен Алексей Папин өз орындарын жақсартып, тиісінше 11 және 12-орындарға көтерілді.

Ауыр салмақта Мурат Гассиев екі саты алға жылжып, 11-орынға шықты.

Басқа салмақ дәрежелерінде де өзгерістер тіркелді. Жартылай орта салмақта литвалық Эймантас Станенис 2-орынға көтерілсе, армян Оганес Бачков бірінші жартылай орта салмақта 13-орынмен рейтингке енді. Өзбек Сиро Чои жеңіл салмақта 12-орынға көтерілді, ал ресейлік Тигран Узлян алғаш рет WBA рейтингінде бой көрсетіп, 15-орынға табан тіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или