Стенд атудан әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Стенд атудан әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Қазақстанның стенд атудан ұлттық құрамасы Италияның Лонато-дель-Гарда қаласында өтетін Дүниежүзілік кубогының кезеңіне (ДКК) қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Olympic.kz мәліметінше, турнирге қатысатын құрама құрамы белгілі болды.

Ұлттық құраманың сапына халықаралық аренада өзін танытып үлгерген тәжірибелі спортшылар да, жас таланттар да енді. Жалпы 15 қазақстандық спортшы медаль үшін таласады. Төменде алдағы ДКК-ге қатысатын құрам ұсынылған:

  • Асылхан Айсалбаев;
  • Богдан Конченко;
  • Никита Моисеев;
  • Марк Почивалов;
  • Анастасия Прилепина;
  • Айжан Досмағамбетова;
  • Максим Почивалов;
  • Ольга Хаилова;
  • Анастасия Молчанова;
  • Ольга Панарина;
  • Диана Сабекова;
  • Адель Садақбаева;
  • Илья Пеньков;
  • Данил Стрельцов;
  • Эдуард Ещенко.

Италиядағы жарыста ұлттық құраманың ең тәжірибелі спортшысы — көптеген жылдар бойы Қазақстан намысын түрлі турнирлерде қорғап жүрген Ольга Панарина болмақ. Ал ең жас мерген — 2010 жылы туған Максим Почивалов.

ДКК 6-13 шілде аралығында өтеді. Бұл турнир әлемнің ең мықты спортшыларын жинайды. 2024 жылғы Олимпиада ойындарынан кейін атақты мергендер біртіндеп спортқа қайта оралып жатыр. Италияда 73 елден 500-ден астам спортшы бақ сынайды. Олардың қатарында қазақстандық стенд атушылары да бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или