Ертуған Зейнуллинов пен Сағындық Тоғамбай әлем кубогын жеңіспен бастады

Ертуған Зейнуллинов пен Сағындық Тоғамбай әлем кубогын жеңіспен бастады

Екі қазақстандық боксшы Астанада өтіп жатқан әлем кубогындағы алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz. 

65 келі салмақта шаршы алаңға шыққан Ертуған Зейнуллинов түркиялық Ахмет Пекелді айқын басымдықпен жеңді. Қарсыласы Париж Олимпиадасының қатысушысы. Осылайша отандасымыз әлемдік доданың ширек финалына шықты. 

Бүгін шаршы алаңға Қазақстан боксшылардан соңғы болып Сағындық Тоғамбай шықты. 90 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан қазақстандық боксшы ширек финалда америкалық боксшымен кездесті. Нәтижесінде қарсыласын 5:0 есебімен тізе бүктіріп, жартылай финалға жолдама алды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или