Екі қазақстандық боксшы қыз жеңіске жетті

Астанада өтіп жатқан әлем кубогының үшінші күнінің кешкі сессиясында екі қазақстандық бұрымды боксшы шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алғаш болып шыққан Виктория Графеева (60 келі) ширек финалда түркиялық Гизем Озерді жеңді. Отандасымыз екінші раундта нокдаунға түсіп қалғанына қарамастан, үшінші раундта есе қайтара білді. Табандылығының арқасында соңғы раундта айқын үстемдік танытып, қарсыласты екі рет есеңгіретіп алды.
Аида Әбікеева (65 келі) болса 1/8 финалда англиялық Дион Бурманнан басым түсті. Есеп 5:0. Осылайша қазақ қызы айқын басымдықпен ширек финалға жолдама алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или