Сұлтан Заурбек аустралиялық боксшымен жекпе-жек өткізеді

IBF ұйымы әлем чемпионы титулына міндетті үміткерді анықтау мақсатында қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек пен аустралиялық Лиам Уилсон арасында іріктеу жекпе-жегін өткізуді міндеттеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Boxing Scene басымылымының ақпараты бойынша, Сұлтан Заурбек (20-0, 13 КО) пен аустралиялық Лиам Уилсон арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы, екінші жартылай жеңіл салмақтағы чемпион Эдуардо Нуньестің (28-1, 27 КО) міндетті қарсыласы атанады.
IBF рейтингінде Сұлтан Зауырбек 3-ші орынға, Лиам Уилсон 5-ші орынға жайғасса, ал алғашқы екі орын бос тұр.
Сұлтан 5-ші сәуір Астанада өткен бокс кешінде IBF InterContinental белбеуін жеңіп алған болатын.
29 жастағы Лиам Уилсон бұған дейін WBO бойынша Әлем чемпионы титулы үшін Эмануэль Наваррете (39-2-1, 32 KO) және Оскар Вальдеспен (32-3, 24 KO) жұдырықтасқан.
Алдағы уақытта қос боксшының промоутерлері жекпе-жек бойынша келіссөздер жүргізетін болады.