Қазақстан чемпионаты: 14-турда көрермен ең көп жиналған матч анықталды

Қазақстан чемпионаты: 14-турда көрермен ең көп жиналған матч анықталды

Футболдан Қазақстан чемпионатының 14-турындағы жеті матчты жалпы саны 30 230 көрермен тамашалады, ал бір ойынға орта есеппен 4 319 көрерменнен келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы турда көп жанкүйер жиналған ойын - «Ордабасы» мен «Қайрат» арасындағы кездесу (0:1) болды, оны 10 000 адам тамашалаған.

Ең аз көрермен Түркістандағы «Тұран» - «Ақтөбе» (0:3) матчына келген - 600 адам.

14-тур матчтарының көрермен саны:

1. «Ордабасы» - «Қайрат» (0:1) - 10 000 көрермен;

2. «Астана» - «Қызылжар» (3:3) 6 630;

3-4. «Тобыл» - «Жеңіс» (2:2) 3 500;

3-4. «Кайсар» «Елімай» (1:2) 3 500;

5-6. «Ұлытау» «Жетісу» (1:2) 3 000;

5-6. «Атырау» «Оқжетпес» (0:0) 3 000;

7. «Тұран» «Ақтөбе» (0:3) 600. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или