«Бейбарыс» сапына шабуылшы қосылды

Тәжірибелі шабуылшы Артём Ананичев «Бейбарыс» сапына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Артём Ананичев Атырауға оралды!
Форвард бір жылдық келісімшартқа қол қойып, алдағы маусымда «Бейбарыс» сапында өнер көрсететін болады.
Артём атыраулық жанкүйерлерге жақсы таныс — ол клубта 2020/2021 мен 2023/2024 жылдар аралығында төрт маусым ойнап, 184 матчқа қатысқан. Осы уақыт ішінде қарсыластар қақпасына 40 шайба соғып, 70 нәтижелі пас берген», - делінген клуб хабарламасында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или