Қазақстандық қорғаушы «Ақтөбе» сапынан кетті

«Ақтөбе» 30 жастағы қазақстандық қорғаушы Саяқ Жұмағалидің клубтан кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ақтөбе» футбол клубы мен жергілікті ойыншы Саят Жұмағали екіжақты келісім аясында келісімшартты тоқтатты.
Саятқа атқарылған жұмысы үшін алғыс білдіріп, алдағы мансабына сәттілік тілейміз!
Айта кетейік, Саят Ақтөбе футбол мектебінің түлегі. Біраз жылдар бойы «Ақтөбе» ФК намысын қорғап, одан бөлек бірнеше отандық командалардың жейдесінде өнер көрсеткен еді», - делінген клуб хабарламасында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или