Рыбакина Уимблдонның екінші айналымында әлемнің экс үшінші ракеткасымен кездеседі

Рыбакина Уимблдонның екінші айналымында әлемнің экс үшінші ракеткасымен кездеседі

Әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина Лондонда (Ұлыбритания) өтіп жатқан "Уимблдон-2025" турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы матчта ол әлемдік рейтингте 49-орында тұрған армениялық Элина Аванесянды 6:2, 6:1 есебімен сенімді жеңді.

Матч 1 сағатқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина үш эйс жасап, бір қос қате жіберді және алты брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.

Екінші айналымда Рыбакина Грекия өкілі, әлемнің экс үшінші ракеткасы, қазір WTA рейтингінде 77-орында тұрған Мария Саккаримен кездеседі.

Айта кетейік, турнирдің жекелей жарыс кестесінде Қазақстан атынан тек Елена Рыбакина ғана қалды. Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев және Юлия Путинцева бірінші айналымнан аса алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или