Бекзад Нұрдәулетов бокстан Әлем кубогының медалін өзіне қамтамасыз етті

Бекзад Нұрдәулетов бокстан Әлем кубогының медалін өзіне қамтамасыз етті

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Бекзад Нұрдәулетов елімізде өтіп жатқан Әлем кубогының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандасымыз 85 келіге дейінгі салмақта Аустралия елінің өкілі Лахлан Лоусенмен өзара мықтыны анықтады.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Бекзад Нұрдәулетов 1/2 финалға өтті. Осылайша, қазақстандық боксшы кем дегенде Әлем кубогының қола медалін өзіне қамтамасыз етті. 

Айта кетейік, бұған дейін Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) келесі кезеңге өтсе, Гүлсая Ержан (80 келіге дейін) жарыста өнер көрсетуін аяқтаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или