Санжар Тәшкенбай Әлем кубогындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңі аясында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отандасымыз жарыс жолын ширек финалдан бастады. Ол бұл кезеңде жапониялық Шодай Котоға қарсы айқасты.
Санжар Тәшкенбай жекпе-жек барысында жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсетіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, отандасымыз кем дегенде Әлем кубогының қола медалін өзіне қамтамасыз етті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или