Танымал агент «Барыстың» істі болған басшысын жақтады

Танымал ресейлік хоккей агенті Шуми Бабаев Prosports.kz сайтына берген сұхбатында «Барыс» ХК бас директорының сотталғанына қатысты пікір білдірді.
– Біріншіден, сіз оны сотталды деп айтып отырсыз, бірақ мен бірде-бір құжат көрген жоқпын. Мүмкін, мен Ресейде жүргендіктен бұл жағдай туралы толық білу қиын шығар. Мен бұл тақырыпты зерттедім, адамдармен сөйлестім, бірақ нақты дәлел таппадым. Менің заңгерлік білімім бар. Әр адамның кінәсіздік презумпциясы бар. Егер адамды дәлелсіз айыптап, соңында ешқандай айып тағылмаса, онда біз не туралы айтып отырмыз?..
Бұл жағдайда мен үшін маңыздысы – адамның хоккейге деген көзқарасы және оның «Барыс» үшін не істейтіні – түсінесіз бе?.. Мен үшін осы маңызды, – деді маман.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или