Әлемнің үздік бапкері анықталды: Энрике – екінші, Анчелотти – бесінші орында

Әлемнің үздік бапкері анықталды: Энрике – екінші, Анчелотти – бесінші орында

Give Me Sport порталының сарапшылары әлемнің үздік бапкерлері рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz

Бірінші орынды англиялық «Манчестер Сити» бас бапкері Хосеп Гвардиола иеленді. Тізімде екінші орынды ПСЖ жаттықтырушысы Луис Энрике алды. Ал үздік үштікті «Ливерпуль» клубының бапкері Арне Слот түйіндеді.

Үздік ондыққа сондай-ақ Симоне Индзаги, Карло Анчелотти, Ханс-Дитер Флик, Антонио Конте, Хаби Алонсо, Диего Симеоне және Микель Артета кірді.

Айта кетерлігі, өткен маусымда Гвардиола жаттықтыратын «Манчестер Сити» бірде-бір трофей жеңіп алған жоқ.

Рейтинг жеңіп алған трофейлер, соңғы жетістіктер, нәтижелер деңгейі мен жұмыс өтілі сияқты критерийлер негізінде жасалды.

Give Me Sport нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік 10 бапкер:

1. Пеп Гвардиола, «Манчестер Сити»

2. Луис Энрике, «ПСЖ»

3. Арне Слот, «Ливерпуль»

4. Симоне Индзаги, «Әл-Хиләл»

5. Карло Анчелотти, Бразилия

6. Ханс-Дитер Флик, «Барселона»

7. Антонио Конте, «Наполи»

8. Хаби Алонсо, «Реал Мадрид»

9. Диего Симеоне, «Атлетико»

10. Микель Артета, «Арсенал».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или