Бокстан Әлем кубогы: Алуа Балқыбекова 1/4 финалға өтті

Бокстан Әлем кубогы: Алуа Балқыбекова 1/4 финалға өтті

Қазақстан құрамасының өкілі Алуа Балқыбекова бокстан елордада өтіп жатқан Әлем кубогы аясында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алуа Балқыбекова 51 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Дженифер Лозаномен (АҚШ) жұдырықтасты.

Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Дегенмен, қазақстандық боксшы шешуші раундта жеңісті жұлып алды.

Осылайша, Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) жартылай финалға шығу үшін бақ сынайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или