Янник Синнер ғасыр рекордын орнатты

Янник Синнер ғасыр рекордын орнатты

Әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер ерлер теннисі тарихына өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Итальян спортшысы XXI ғасырда туған ойыншылар арасында алғаш болып «Үлкен дулыға» турнирлерінде жекелей сында 75 жеңіске жеткен теннисші атанды.

Мерейтойлы жеңіс Уимблдон турнирінің алғашқы матчында тіркелді — Синнер бірінші айналымда отандасы, ATP рейтингінде 95-орында тұрған Лука Нардиге қарсы үш сетте айқын басымдықпен жеңіске жетті — 6:4, 6:3, 6:0. Екінші айналымда италиялық теннисші австралиялық Александар Вукичпен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или