Назым Қызайбай Астанада өзбек боксшысын жеңді

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, әлемнің үш дүркін чемпионы қазақстандық Назым Қызайбай Астанада өтіп жатқан беделді World Boxing турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда Қызайбай өзбекстандық Фарзона Фозилованы айқын басымдықпен жеңді. Бұл турнир аясындағы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екінші жекпе-жек болды және есеп теңесті — 1:1.
Назым турнирдегі екінші жеңісіне қол жеткізді, 1/8 финалда ол төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (5:0) канадалық Приянка Дхиллонды жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или