Бублик жеңілген матчтан кейін қарсыласын әжуалады

Бублик жеңілген матчтан кейін қарсыласын әжуалады


Әлемнің 31-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирінің алғашқы айналымындағы жеңілістен кейін қарсыласы жайлы қалжыңмен пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол испаниялық Хауме Мунарға 4:6, 6:3, 6:4, 6:7 (5:7), 2:6 есебімен жол берді. Бублик төртінші сетте матчты аяқтауға жақын болды – 5:4 есебімен алда тұрды және тай-брейкте 4:2 есебімен басымдық танытқанымен, жеңісті уыстан шығарып алды.

Ойын кезінде ол көрермендердің біріне қарап: «Ол бар болғаны үш матч ұтып, Джокович сияқты қимылдайды», – деп айтып, күліп жіберді.

Айта кетейік, бұл Бубликтің 2019 жылдан бергі Уимблдонда алғашқы айналымнан ұшып кеткен алғашқы жағдайы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или