Юлия Путинцева Уимблдонда жанжалға тап болды

Юлия Путинцева Уимблдонда жанжалға тап болды


Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Уимблдон-2025 турнирінде даулы жағдайға ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кеше өткен матчта Путинцева америкалық Аманда Анисимовадан 0:6, 0:6 есебімен ойсырай жеңілді. Ойын барысында отандасымыз трибунадағы көрермендердің бірін «қауіпті» әрі «есі ауысқан» деп атаған.

«Оны трибунадан шығарып жіберуге бола ма? Мен ол кеткенше ойнамаймын. Мұндай адамдар қауіпті, олар есі дұрыс емес. Мүмкін, пышағы бар шығар», – деп төрешіге шағымданған Юлия.

Дереккөздердің мәліметінше, трибунадағы ер адам орыс тілінде сөйлеп, спортшыға қатысты СВО тақырыбын қозғаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или