Сергей Деревянченко АҚШ-тағы жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады

АҚШ-тың Нэшвилл қаласындағы Texas Troubadour Theatre аренасында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде украиналық Сергей Деревянченко америкалық Джереми Рамосты техникалық нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz vringe.com сайтына сілтеме жасап.
Суперорта салмақтағы бұл айқаста Деревянченко алғашқы раундтарда джебпен қарсыласын зерттеп, арақашықтықты қысқартып, корпусқа соққы жасаумен болды. Екінші раундта сол жақ хукпен Рамосты састырса, үшінші раундта жалған қимылдармен алдап, дәлдікке негізделген шабуылдармен үстемдік көрсетті.
Алтыншы раундта украиналық боксшы бірнеше рет апперкот жасап, қарсыласын тізе бүктіруге мәжбүр етті. Бұдан кейін денеге бағытталған соққылардан кейін төреші кездесуді тоқтатып, Деревянченконың жеңісін тіркеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или