Деннис «Қайраттан» кетті

«Қайраттың» бразилиялық қақпашысы Деннис алматылық клубтың жанкүйерлерімен қоштасты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Алғашқы күннен соңғы күнге дейін мені және менің отбасымды құшақ жая қарсы алған барлығына алғыс айтқым келеді.
Мен осы клубта тамаша сәттерімді өткіздім. Көп рахмет «Қайрат», көп рахмет Қазақстан!», - деп жазды Деннис Instagram парақшасында.
Бразилиялық Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы испаниялық Пальмаға ауысады. Қақпашы «Қайратқа» 2022 жылы еркін агент ретінде ауысып, үш жылдық келісімшартқа отырған еді.
Осы маусымда Деннис 47 матч өткізіп, 13 гол соғып, 16 нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, бұған дейін 27 жастағы қақпашының Қазақстан төлқұжатын алып, ұлттық құрама сапында ойнай алатыны туралы ақпарат тараған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или