Әлем кубогы: Айбек Оралбай алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Әлем кубогы: Айбек Оралбай алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Айбек Оралбай Астанада өтіп жатқан бокстан әлем кубогында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде 1/8 финалда Оралбай доминикандық Хосе Агустин Трисетпен кездесіп, сенімді жеңіске жетті. Екінші және үшінші раундтарда қазақстандық боксшы нокаут тіркеді.

Осылайша, Айбек Оралбай әлем кубогының ширек финалына шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или