Қазақстан бадминтоннан Болгариядағы турнирде екі қола медаль жеңіп алды

Қазақстан бадминтоннан Болгариядағы турнирде екі қола медаль жеңіп алды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бадминтоннан Болгарияның Пазарджик қаласында өткен VICTOR Bulgaria Junior Challenge 2025 турнирінде екі жүлдеге ие болды.

Аталмыш жарысқа әлемнің 25 елінен спортшылар қатысты.

Біздің спортшылар екі мәрте қола жүлдені иеленіп, тұғырдың үшінші сатысына көтерілді. Диана Наменова мен Алиса Кулешова әйелдер жұптық сайыста үшінші орын алды.

Ал Арнур Тапишев пен Алиса Кулешова аралас жұптық бәсекеде қола медальға қол жеткізді.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или