Әліби Ыдырыс UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіне дайындалып жүр

Әліби Ыдырыс UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіне дайындалып жүр


Prosports.kz-ке жеткен инсайдерлік ақпаратқа сүйенсек, бұрынғы Naiza FC чемпионы, қазақстандық Әліби Ыдырысқа UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі белгіленген. Бірақ қарсыласының есімі әзірге жарияланбай отыр.

Жекпе-жекке байланысты барлық мәліметтер құпия сақталатыны айтылған. Ұйым басшылығы тараптарға бұл туралы ақпарат таратпау жөнінде ескерту жасаған.

Айта кетейік, Алиби Идрис UFC ұйымдастыратын The Ultimate Fighter реалити-жобасына қатысқан алғашқы қазақстандық. Ширек финалда ол өзбекстандық Фурқатбек Якубовты жеңген болатын.

Соңғы рет Алиби 2024 жылдың мамыр айында бразилиялық Эдильсон Сантушпен кездесіп, жеңіске жеткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или